A+ A A-

talgatzhan 31 21-04-2025, 11:20 0

ШҚО ауылдарының бірінде өрт сөндірушілерге арналған жатақхана салынбақ

Бүгін / ШҚО

Ұлан ауданына жұмыс сапарымен барған Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов 1999 жылы пайдалануға берілген №10 өрт сөндіру бекетінің ғимараты қайта жөндеуді қажет ететінін атап өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.


Әңгіме Қасым Қайсенов кентіндегі өрт сөндіру бекеті туралы болып отыр. Ғимарат пайдалануға берілгеннен бері ол жерде жөндеу жұмыстары жүргізілмеген. Облыс әкімінің айтуынша, қызметкерлердің еңбек жағдайын жақсарту үшін бекетті қайта құру керек.

Сондай-ақ Нұрымбет Сақтағановқа жас қызметкерлерге баспана қажет екені айтылды.

Сондықтан ғимараттың екінші қабатынан шағын отбасылық жатақхана ашу мәселесі қарастырылуда. Әкім жоба әзірлеп, бекітуге ұсынуды тапсырды.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив