A+ A A-

talgatzhan 2 21-04-2025, 12:40 0

ШҚО-дағы Украинка ауылында туризмді дамыту үшін қонақ үйлер ашу ұсынылды

Бүгін / ШҚО

«Жер-Су» жылыжай кешенінің иесі Людмила Земляная Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағановқа осындай ұсыныс айтты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Өсімдіктің 400-ден астам түрі жайқалып тұрған бірегей жылыжай Ұлан ауданындағы Украинка ауылында орналасқан. 2008 жылы іргесі қаланған «Жер-Су» кешені туристерді қызықтыратын орынға айналды. Жылыжайды Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов аралады. Ол Людмила Землянаядан ауылда қандай мәселелер барын сұрады.
- Интернет жағынан көмектессеңіз жақсы болар еді. Ауыл қаладан 14 шақырым жерде орналасқан. Бірақ интернет дұрыс ұстамайды. Клиенттер онлайн төлем жасау үшін айналаны шарлап жүруі керек. Туризмді дамыту үшін ауылда қонақ үйлер ашылса нұр үстіне нұр болар еді. Бұл да ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ бізге көлік мәселесін де шешу керек – Украинкаға баратын автобус жоқ, - деді Людмила Дмитриевна.
Нұрымбет Сақтағанов тасымалдаушылармен міндетті түрде сөйлесетіндігін айтты. 
Айта кетейік, Украинка ауылының халқы қонақты құр алақан жібермеді – әкімге мәңгі жасыл шамшатты сыйға тартты.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив