ШҚО Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының өкілдері бірнеше бағыттың қайта жұмыс істейтінін мәлім етті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
25 сәуірден бастап «Өскемен-Бозанбай» тұрақты бағыты келесі кесте бойынша іске қосылады:
Өскеменнен шығу уақыты - 11:30 және 16:30 (Абай көшесіндегі автобекет);
Бозанбай ауылынан шығу уақыты - 7.30 және 13.30 (әкімдік маңындағы аялдама).
Ересектер үшін жол жүру ақысы - 1000 теңге.
1 мамырдан бастап «Өскемен-Марқакөл» тұрақты бағыты келесі кесте бойынша іске қосылады:
Өскеменнен шығу уақыты - 14.30 (Абай көшесіндегі автобекет);
Марқакөл ауылынан шығу уақыты - 07.00.
Ересектер үшін жол жүру ақысы – 4500 теңге.
1 мамырдан бастап «Өскемен-Новая Канайка» тұрақты бағыты келесі кесте бойынша іске қосылады:
Өскеменнен шығу уақыты - 12.00 және 16.50 (Мызы көшесіндегі автобекет);
Новая Канайка ауылынан шығу уақыты - 8.20 және 13.20.
Ересектер үшін жол жүру ақысы - 650 теңге.
1 мамырдан бастап «Өскемен-Тройницкое» тұрақты бағыты келесі кесте бойынша іске қосылады:
Өскеменнен шығу уақыты - 16.45 (Мызы көшесіндегі автобекет);
Тройницкое ауылынан шығу уақыты - 7:00.
Ересектер үшін жол жүру ақысы – 1500 теңге.
Айта кетейік, 15 жасқа дейінгі балалар, көп балалы аналар, «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталғандар немесе бұрын «Батыр ана» атағын алғандар, 1-ші және 2-ші дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталғандар, 1-ші топтағы мүгедектер үшін жол жүру ақысы тегін.
Жолаушылар мен жүкті тасымалдау қызметтерін пайдалану кезінде күтпеген жағдайларды болдырмау үшін қызмет көрсетілетін бағыттарға тиісті рұқсаттары бар тасымалдаушылардың қызметтерін пайдалану ұсынылады.
Пікірлер