21 сәуірде Шығыс Қазақстанға Премьер-Министрдің орынбасары Виталий Снезарь бастаған Алтай өлкесінің делегациясы келді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
-Екі шекаралас аймақ бұрыннан түрлі салаларда тығыз байланыс орнатып келеді, ал жақсы қарым-қатынас бірлесіп жұмыс істеуге жаңа мүмкіндіктер ашады. Кездесу барысында өнеркәсіп, мәдениет, спорт және туризм салаларындағы жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды, - деді ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов.
Тараптар тәжірибие алмасу және ШҚО мен Алтай өлкесінің туристік әлеуетін ілгерлетуге ықпал ететін бірыңғай ақпараттық портал құрудың зор мүмкіндіктерін талқыға салды.
Пікірлер