5 сәуірден бастап мемлекеттік тіркеу нөмірі жоқ мопедті басқаруға тыйым салынды, деп хабарлайды Bukara.kz сайтының тілшісі.
Әкімшілік кодекске сәйкес тіркелмеген мопедті немесе лицензиясыз жүргізгені үшін 20 АЕК (78 640 теңге) мөлшерінде айыппұл салынады.
- Екі аптаның ішінде өңірде көлігін тіркемеген 15 мопед иесі анықталды, — деді полиция департаментнің баспасөз қызметіндегілер.
Бүгінде облыс бойынша жалпы 1000-ға жуық мопед тіркелген.
Пікірлер