A+ A A-

talgatzhan 35 22-04-2025, 16:45 0

ШҚО-да өндірістегі жазатайым оқиғалардан 24 адам зардап шекті

Бүгін / ШҚО

Қарағанды облысында – 31, Қостанай облысында – 27, Шығыс Қазақстан облысында – 24, Ақтөбе облысында – 22, Атырау облысында – 22, Алматы қаласында – 19 адам зардап шекті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап. 

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің мәліметтері бойынша, жыл басынан бері өндірістегі жазатайым оқиғалардың салдарынан 293 жұмыскер зардап шегіп, олардың 40-ы қаза тапқан.

Бұл ретте осы жылдың І тоқсанының қорытындысы бойынша өндірістік жарақаттану 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 16,8%-ға төмендеді.

2025 жылдың І тоқсанының қорытындысы бойынша өндірістік жарақаттану деңгейі (1000 жұмыс жасаушыға шаққанда жазатайым оқиғалар жиілігінің коэффициенті) 0,04 құрады.

Жазатайым оқиғаларға әкеп соққан негізгі себептер: жұмыс өндірісін қанағаттанарлықсыз ұйымдастыру (34,4%); жәбірленушінің өзінің өрескел абайсыздығы (32%); жол жүріс ережелерін бұзу (8,4%); еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қағидаларын бұзу (7,6%) болды.

Экономика салалары бөлінісінде зардап шеккендердің ең көп саны тау-кен металлургия кешенінің кәсіпорындарында – 15,3% және құрылыс саласында – 12% байқалады.

Соңғы бес жыл ішінде еңбекті қорғау саласында мемлекеттік органдар мен жұмыс берушілер қабылдаған кешенді шаралар өндірістік жарақаттану деңгейін 6,3%-ға төмендетуге мүмкіндік берді.

3 262 кәсіпорын бұзушылықтардың алдын алу және болдырмау мақсатында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау стандарттарын енгізді.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив