A+ A A-

admin 36 23-04-2025, 11:15 0

Шығыс Қазақстан делегациясы ШЫҰ аясындағы халықаралық семинарда ЖИ-ді қолдану бойынша оқудан өтуде

Бүгін / ШҚО

Бүгін Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) аясында ұйымдастырылған халықаралық семинар өз жұмысын жалғастыруда. Шығыс Қазақстан облысының делегациясы білім беру, ауыл шаруашылығы және IT-технологиялар салаларында жасанды интеллектті қолданудың озық әдістерін меңгеруге бағытталған бағдарламаға белсене қатысуда.

Қазіргі заманғы технологиялық бағыттар — бұлтты есептеулер, үлкен деректерді өңдеу және ұшқышсыз ұшу аппараттарын (ҰҰА) қолдану — стратегиялық маңызы бар даму бағыттары болып табылады. Биыл біздің колледж ҰҰА операторларын даярлау бойынша лицензия алып, білім беру үдерісіне жаңа мүмкіндіктер ашты. Біз осы саладағы қытайлық серіктестермен ынтымақтастық мүмкіндігін жоғары бағалаймыз және ұзақ мерзімді, өзара тиімді әріптестік орнайды деген үміттеміз, — деді Өскемен жоғарғы политехникалық колледжінің ақпараттық технологиялар жөніндегі директор орынбасары Юлия Новак.

Оқыту Қытайдың ірі технологиялық компанияларының сарапшылары мен ҚХР-дың жетекші университеттерінің оқытушыларының жетекшілігімен өтуде. Қатысушылар экономиканың негізгі салаларында цифрлық шешімдерді енгізу бойынша соңғы әзірлемелермен және тәжірибелік кейстермен танысуда.

— Бүгінде кадрларды сапалы даярлау — бұл ең алдымен оқытушының кәсіби деңгейіне байланысты. Сондықтан оқытушылардың кәсіби өсуі жаңа технологияларды дамыту және қолданумен қатар жүруі тиіс. Қытайдағы “төмен биіктіктегі экономика” дамуы мені қатты таңғалдырды — бұл білім беру жүйесінде де қажет бағыт. Бұл семинар ынтымақтастық пен жаңа идеяларды жүзеге асыру мүмкіндіктерін кеңейтетініне сенемін, — деп атап өтті Құмаш Нұрғалиев атындағы Жоғары колледждің оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі директоры Роза Бисікенова.

Семинар ШЫҰ елдері арасындағы жоғары технологиялар саласындағы халықаралық ынтымақтастық пен білім алмасудың маңызды алаңына айналды.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив