A+ A A-

admin 43 23-04-2025, 13:00 0

Шығыс Қазақстан Жеңіс эстафетасын қабылдады

Бүгін / ШҚО

Шығыс Қазақстан облысы Жеңістің 80 жылдығына арналған эстафетаны салтанатты түрде қабылдады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.    
 

Ұлы Жеңістің 80 жылдығы аясындағы халықаралық Жеңіс эстафетасы Өскеменде жалғасын тапты.

- Бүгін біз Жеңіс эстафетасын Ресей Федерациясының шекарашыларынан салтанатты түрде қабылдап алдық. Бұл шара – болашақ ұрпаққа үлгі боларлықтай өнегелі бастама. Жеңіс аллеясына барып, майданда қаза болған ерлердің рухына тағзым етіп, гүл шоқтарын қойдық. Осылайша, батырлар рухына құрмет көрсетіп, өткенді еске алудамыз , – деді ШҚО Полиция департаментінің әскери қызметшісі, майор Ғалымжан Бәкетов.

Жеңіс эстафетасы бұдан әрі Қазақстанның барлық өңірлерін аралап, ерлік пен елдіктің символына айналады. Ертең Абай облысының шекара қызметкерлеріне табысталатын бұл эстафета кейіннен Қырғызстан Республикасына жол тартады. Жалпы, бұл шара алты мемлекетте өтеді деп жоспарланған.

- Шараның басты мақсаты – ата-бабаларымыздың ұрпақ жадында мәңгі сақталатын ерлігін дәріптеу, олардың ерлікке толы өнегелі жолын кейінгі толқынға үлгі ету, – деді Ғалымжан Бәкетов.

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің отставкадағы полковнигі Амангелді Әбілхановтың айтуынша бұл шара – ұрпаққа тағылым, мемлекеттер арасындағы достықты нығайтатын көпір. 

- Биыл Ұлы Жеңіске – 80 жыл. Бұл – ұрпақ жадында жаңғырып, тарих парағында алтын әріппен жазылған ұлы күн. Ата-бабаларымыздың жанқиярлық ерліктерін жас буынға жеткізу, олардың бойында отансүйгіштік пен рухани серпіліс ояту – біздің борышымыз. Бүгінгі бейбіт өмір – сол бір қан майданда шайқасқан ардагерлердің ерлігі мен жанкештілігінің арқасы. Кең байтақ жерімізде тәуелсіз ел болып, еркін ғұмыр кешіп жатқанымыз – сол ерлікке тағзым етудің айғағы, - деді ол.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив