Жол қауіпсіздігі – билік пен қоғам үшін басты басымдықтардың бірі, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Облыста жол-көлік оқиғаларын азайту және жол қозғалысына қатысушылардың жауапкершілігін арттыру бағытында белсенді жұмыс атқарылуда.
Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы уәкілетті органдармен бірлесіп, жол қозғалысы ережелерін сақтау туралы үндеуі бар бейнеролик әзірлеп, жариялады. Негізгі мақсат – жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге жолда мұқият болудың, жылдамдықты асырмаудың және қауіпсіздік белдігін тағудың маңыздылығын еске салу.
Жолдағы қауіпсіздік – әрқайсымызға байланысты. Тек бірлесе әрекет еткенде ғана азаматтарымыздың өмірі мен денсаулығын сақтай аламыз.
Пікірлер