A+ A A-

talgatzhan 69 23-04-2025, 17:00 0

ШҚО-да жұмысшы құқығы талқыланды

Бүгін / ШҚО

Шығыс Қазақстан облысына ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталин жұмыс сапарымен келіп, бірқатар маңызды жиынға қатысты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Облыс әкімдігінде өңір басшысы Нұрымбет Сақтағановтың төрағалығымен әлеуметтік әріптестік, еңбек және әлеуметтік қатынастарды реттеу жөніндегі облыстық үшжақты комиссияның отырысы өтті. Онда еңбек тәуекелі картасы шеңберінде кәсіпорындарда еңбекақы бойынша берешекті өтеу және әлеуметтік әріптестікті дамыту перспективалары талқыланды. Мемлекеттік еңбек инспекциясы жөніндегі комитеті ШҚО бойынша департаментінің басшысы Бақытбек Қизатовтың сөзінше, мамандар күн сайын өңірдегі кәсіпорындардағы ахуалға назар аударады.

- Еңбек тәуекелдері картасында 3786 кәсіпорын тіркелген. Оның 31-інде жоғары тәуекел, 49-ында орташа тәуекел байқалып отыр. Ал 3706 жұмыс орнында мұндай жағдай анықталмады. Аймақтар бойынша Өскемен көш бастап тұр, - деді ол.

Осы тұста ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталин жалақы индексациясы жайлы өз пікірін білдірді.

- Жұмыс істейтін азаматтардың сатып алу қабілетін арттыру немесе сол деңгейде қалыптастыру керек. Индексация мәселесі ұжымдық шарттардың 10%-ында ғана көрсетілген. Осыны ескере отырып, Еңбек кодесіне осы норманы заңды түрде енгізіп, мәселені қарастыру қажет. Біздің ортақ мақсатымыз – халықтың еңбек өнімділігі сапасын арттыру. Ол үшін ең алдымен лайықты еңбекақы төлену керек, - деді Сатыбалды Телағысұлы.

Сондай-ақ кездесу барысында Жұмысшы мамандықтары жылы аясында ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы мен облыс әкімі өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Аймақ басшысы Нұрымбет Сақтағановқа «Үздік әлеуметтік серіктес» медалі табысталып, Мемлекеттік еңбек инспекциясы жөніндегі комитеті ШҚО бойынша департаментінің басшысы Бақытбек Қизатов Құрмет грамотасымен марапатталды.

Бұдан бөлек, Сатыбалды Дәулеталин «Еңбек» депутаттық тобының отырысына қатысып, Өскемен көпсалалы технологиялық колледжіне барды. Ол құзіреттілік орталығын, оқу аудиторияларын аралап, өндірістік цехтер мен техникалық жабдықтардың жұмысымен танысты.

Қымбат МУХАМАДИЕВА

Фотосурет автордікі 

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив