Облыста осы жылдың 20 сәуірінен бастап жылыту маусымы аяқталды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
ШҚО ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының мәліметінше, маусым қорытындысында жеке тұрғын үй секторында 351 өрт оқиғасы тіркелген. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 12%-ға артқанымен, адам өлімі 7%-ға азайған
Өрттердің көбі монша мен шаруашылық нысандарда болған. Қаза болғандардың 47%-ы — төсекте темекі шегу салдарынан, алты адам – отпен абайсыз жұмыс істеуден, үш адам – пеш жабдығын дұрыс пайдаланбаудан көз жұмған. Олардың басым бөлігі – зейнеткерлер мен жұмыссыздар. Әлеуметтік осал топтар арасында өлім-жітім жағдайы тіркелмеген.
- Өрттің алдын алу мақсатында, 146 мыңнан астам үйге тексеріс жүргізіліп, 42 мыңнан аса заңбұзушылық анықталды. Сондай-ақ көмірқышқыл газын анықтайтын 862 датчик орнатылды. Улану салдарынан 23 адам зардап шегіп, 2 адам көз жұмды. Зардап шеккендер саны 32%-ға азайып отыр, - делінген ақпаратта.
Глубокое ауданында пилоттық жоба аясында үш отбасыға (екі көпбалалы, бір аз қамтылған) пеш пен электр желілерін жаңартуға көмек көрсетілді. Сонымен қатар ТЖД қызметкерлері жергілікті органдармен бірлесіп мұржаларды тазалау, пеш жөндеу, қорғаныс қаңылтырларын орнату сияқты көмек көрсетті.
Пікірлер