A+ A A-

talgatzhan 32 23-04-2025, 18:20 0

Ұлттық кітап күні: ШҚО-да жасөспірімдер арасында дебат өтті

Бүгін / ШҚО

23 сәуір – Мемлекет басшысының тапсырмасымен Ұлттық кітап күні ретінде белгіленді. Осыған орай, бүгін ШҚО балалар және жасөспірімдер кітапханасында жасөспірімдер арасында дебат өткізілді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Атаулы күн аясында ұйымдастырылған түрлі байқаулар мен дебаттар жастардың кітапқа деген қызығушылығын оятуға бағытталған.Соның бірі-ШҚО балалар және жасөспірімдер кітапханасында жасөспірімдер арасында өткізілген дебат.
Дебаттың тақырыбы - «Ар мен білім – адамзатттың таразысы». Біздің басты мақсатымыз – жастардың кітап оқуға деген ынтасын арттырып, кітаптың адам өміріндегі маңызын көрсету. Бұл – өскелең ұрпақтың дүниетанымын кеңейтетін маңызды шара, – деді ШҚО Мәдениет басқармасының Мәдениет және мемлекеттік шығармашылық тапсырыс бөлімінің басшысы Ләззат Жұмашова.
Дебатқа қатысушы жастар үшін мұндай алаң – өзін дамытуға таптырмас мүмкіндік. Қатысушылардың бірі, жас дебатшы Дәулет Оралбеков пікірін былай білдірді:
– Дебатқа қатысудағы басты мақсатым – өз потенциалымды ашу. Еркін ойымды жеткізіп, көпшілік алдында сөйлеуді үйренуде дебат маған көп көмектесті. Осындай шаралардың арқасында бірнеше турнирде жеңімпаз атанып, марапатқа ие болдым. Сонымен қатар, бұл менің жеке белсенділігімді арттырды.

Дебат қорытындысы бойынша Диас Түлегенов пен Еркебұлан Төлегенов бас жүлде иегері атанды. Ал Айдос Жарқын мен Дәулет Оралбеков 2 орын иеленді.

Жігер Сәрсенбаев пен Марина Мукамет 3 орынға жайғасты. Жігер Сәрсенбаев үздік спикер атанды.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив