«Қауіпсіз жол» жедел алдын алу шарасының аясында өңірдегі бірқатар тасжол учаскесіне жарық сигналды стробоскоптар қойылуда, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Бүгінгі таңда республикалық маңызы бар 12 автомобиль жолының учаскесі осындай құрылғылармен жабдықталды. Жарық сигналды стробоскоптар жүргізушілердің назарын әлеуетті қауіпті аймақтарға аударуға арналған. Ол жол жүрісі қағидаларын қатаң сақтауға ықпал етеді.
Жарық сигналды құрылғыларды орнату қараңғы уақытта және қолайсыз ауа райы жағдайында тиімді саналып, жол-көлік оқиғаларының қаупін едәуір төмендетеді.
Өңірдегі жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстары жалғасып, тәртіп сақшылары тарапынан тұрақты бақылауда болады.
Пікірлер