Аталған жобаның мақсаты - оқушыларды өңірдің мәдени және тарихи мұрасымен таныстырып, балалар мен жасөспірімдер туризмін дамыту, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
ШҚО Білім басқармасының басшысы Иннеса Чернышеваның сөзінше, ұйымдастырылатын оқу-танымдық турлардың бағдарламасы ерекше.
- Оқушылар оқу-практикалық сабақтарға, шеберлік сыныптарына, экскурсияларға, спорттық ойындар мен тимбилдингке қатыса алады. 200 бала Берел, Қиын-Керіш, Таулы Үлбі, Мария жартасы және Сібе көлдеріне саяхаттайды, - дейді ол.
Бұдан бөлек, биыл облыста “Қонақжай отбасы” жобасы жалғасады. 140 оқушы қазақ тілін меңгеріп, жазғы демалысын тиімді өткізуге мүмкіндік алмақ.
Бір айта кетерлігі, жобаға Үлкен Нарын, Катонқарағай, Шемонаиха аудандары қосылды.
Қымбат МУХАМАДИЕВА
Пікірлер