Бұл туралы өткен жылы ҚР Сауда және интеграция министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті халық арасында жүргізген сауалнама нәтижесінде белгілі болды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
ШҚО бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы Асхат Сағидолдиннің сөзінше, өңір халқының 88%-ы қоғамдық көліктердің қызметіне көңілі толмаса, 10%-ы оң пікір білдірді. Қалған 2%-ы бұл қызмет түрін қолданбайды.
- Ұялы байланыс қызметі бойынша респонденттердің 76%-ы оң, 22%- кері баға берді. Сондай-ақ шығысқазақстандықтардың 13%- тұтынушы ретіндегі құқығының бұзылғанын айтса, 87%-ында мұндай жағдай кездеспеді, - дейді Асхат Сағидолдин.
Қымбат МУХАМАДИЕВА
Пікірлер