A+ A A-

talgatzhan 34 25-04-2025, 11:05 0

ШҚО бойынша «Ассамблея Жастары» төрағасы «Шапағат» медалімен марапатталды

Бүгін / ШҚО

24 сәуірде Астанада Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясы өтті. Бұл ауқымды шараға еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қатысты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Сессия ерекше атмосферада өтті. Биыл Ассамблея өзінің 30 жылдық мерейтойын атап өтуде. Айтулы күнге орай Мемлекет басшысы ұлтаралық келісім, достық пен қоғамдық ынтымақтастықты нығайтуға елеулі үлес қосқан азаматтарға мемлекеттік наградалар табыс етті.

Марапатталғандардың қатарында ШҚО бойынша «Ассамблея Жастары» Қоғамдық бірлестігінің төрағасы Равиль Юнусов та болды. Ол белсенді әрі жемісті қызметі, мейірімділігі мен қайырымдылығы үшін «Шапағат» медалімен марапатталды.

«Шапағат» медалі 1993 жылы тағайындалған. Ол қоғамдық және қайырымдылық қызмет саласындағы ерекше еңбектерді мойындаудың белгісі саналады. 

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив