
«SHYGYS AIBYN – 2025»: Өскеменде Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери-патриоттық жастар жиыны өтті
Бүгін / ШҚО
Жаңа Ахмер кентіндегі Халық қаһарманы, партизан-жазушы Қасым Қайсенов атындағы 27943 әскери бөлімінде Ұлы Жеңістің 80 жылдығы мен Отан қорғаушылар күніне орай «SHYGYS AIBYN – 2025» атты облыстық әскери-патриоттық жастар жиыны өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Іс-шараны ШҚО әкімдігі ұйымдастырып, оған «AMANAT» партиясының облыстық филиалы, 27943 әскери бөлімнің басшылығы және «Жас сарбаз» қозғалысының облыстық филиалы қолдау көрсетті.
Биылғы жиынның ерекшелігі – дәл осы күні 27943 әскери бөліміне аты аңызға айналған батыр Қасым Қайсеновтің есімі ресми түрде берілген болатын. Ашылу салтанатына ШҚО әкімінің орынбасары Ербол Нұрғалиев қатысып, жиналғандарды облыс әкімінің атынан құттықтап, командаларға сәттілік тіледі. Батырдың ескерткішіне гүл шоқтары қойылып, жауынгерлер рухына тағзым етілді.
– Бұл бөлімге Қасым атамыздың есімінің берілуі – сарбаздарға үлкен жауапкершілік. Оның есімін абыроймен алып жүру – парыз. Баршаңызды Ұлы Жеңістің 80 жылдығымен және Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймын!, – деді Ербол Нұрғалиев.
Бұдан бөлек, жиын барысында Қасым Қайсеновтің немересі Бағлан Райымханов пен ҚР Қарулы күштерінің ардагері Дәулетхан Қасенов жастарға жүрекжарды тілектерін арнап, әскери қызметтің қадір-қасиетін түсіндірді.
– Әскери өмірдің қиындығына қарамастан, жарғы талаптарын орындау әр жауынгердің қасиетті борышы. Туған елге адал қызмет ету – нағыз патриотизм, – деді олар.
Жиынға Шығыс Қазақстан облысының әр түкпірінен келген әскери-патриоттық клубтар қатысты. Атап айтқанда
•Риддер – «Сұңқар»
•Зайсан – «Жас қыран»
•Алтай – «Сұңқар»
•Катонқарағай – «Қалқан»
•Глубокое – «Жас сарбаз»
•Шемонаиха – «Патриот»
•Тарбағатай – «Арлан»
•Самар – «Қыран»
•Марқакөл – «Жас сарбаз»
•Ұлан – «Айбын»
•Күршім – «Қыран»
•Үлкен Нарын – «Атамекен»
Алтай қаласынан келген Аружан Матоктанованың айтуынша, командасы биыл бесінші рет облыстық және республикалық “AIBYN” жарысына қатысуда.
- Өзім былтыр халықаралық “AIBYN” жиынында ең үздік “Жас сарбаз” номинациясын алдым. Ал біздің топ өткен жылғы жарыста топ жарып, “AIBYN” жұлдызы бәсекесінде алдыңғы қатардан көріндік. Бұндай жарыстар жастардың патриоттық сезімдерін оятады. Бүгінгі жас сарбаз - ертеңгі Отан қорғаушы. Болашақта мен өз жолымды осы әскери саламен байланыстырамын, - деді жас сарбаз.
Айта кетейік, сайыс мынадай бағыттардан тұрды: жастар әскери-спорттық, зияткерлік және шығармашылық. Жарыс бағдарламасына:
•Қару жинау
•Әскери-қолданбалы спорт түрлері
•Арқан тарту
•Эстафеталық жарыстар сияқты тартымды және тартысты кезеңдер енгізілді.
Соңғы жаңалықтарды ресми Instagram арнамыздан оқыңыз!
ТіркелуПайдалы

Тарбағатайдың туристік әлеуеті зор
2-05-2025, 09:50
Руханият

Бауыржан Момышұлының қанатты сөздері
Кеше, 09:30
Жұлдыз жорамал

5 - 11 мамыр аралығына арналған жұлдыз-жорамал
5-05-2025, 09:15
Пікірлер