Полиция қызметкерлері өңір прокуратурасының үйлестіруімен жүргізілген жедел іс-шаралар барысында жергілікті тұрғынның үйінен жасыл түсті өсімдіктер табылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Сараптама қорытындысына сәйкес, алынған үлгілер құрамында есірткі заты бар өсімдік – каннабис болып шықты.
Сондай-ақ 700 грамнан астам кептірілген марихуана тәркіленді. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Осы ретте ШҚО Полиция департаментінің мамандары есірткі құралдарын заңсыз өсіру, сақтау және таратудың қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін ескертеді.
Пікірлер