ШҚО Мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасының талабы бойынша экология департаменті «СИНЬСИН Құрылыс және даму бойынша Қытай компаниясы» ЖШС-ге қатысты тексеру жүргізді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
ШҚО Прокуратурасы баспасөз қызметінің мәлімтінше, тексеру нәтижесінде экологиялық заңнаманың бұзылғаны анықталып, ІІ санаттағы объектілерге экологиялық рұқсатсыз асфальтбетон қондырғысы мен ұсақтау кешенін пайдалану фактілері тіркелді.
- 21 қарашадағы инспектордың қаулысымен «СИНЬСИН» ЖШС ӘҚБтК 328-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Аталған қаулы ЖШС тарапынан Өскемен қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотына шағымданумен дауланды. Соттың 4 наурыздағы қаулысымен ЖШС-нің кінәсі анықталып, 1 млрд теңге көлемінде айыппұл салынды, - делінген ақпаратта.
Айта кетейік, апелляциялық тәртіппен жоғары тұрған сотқа шағым түсірілді, алайда сот шешімі өзгеріссіз қалдырылды.
Пікірлер