A+ A A-

talgatzhan 32 28-04-2025, 16:30 0

ШҚО-да 207 “Мерген” камерасы жұмыс істейді

Бүгін / ШҚО

Облыс әкімдігінде аймақ басшысы Нұрымбет Сақтағановтың төрағалығымен ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Онда жол-көлік оқиғаларының, алкагольді мас күйде және кәмелетке толмағандар арасында жасалған қылмыстардың алдын алу мәселелері қаралды.

Автожолдардың ақауларын анықтау, жол белгілерін, стробоскоптарды, патрульдік автокөліктер мен жануарлардың макеттерін орнату бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде. Өскемен, Риддер және Алтай қалаларында «Мерген» аппараттық-бағдарламалық кешенін енгізу жалғасуда. Бүгінгі күні 207 бейнекамераның көмегімен 11 мыңнан астам жол қозғалысы ережесін бұзу фактісі анықталды.

Жыл басынан бері мас күйде жасалған қылмыстар тіркелген. ШҚО Полиция департаментінің қызметкерлері құқықбұзушылық жасауға бейім тұлғалардың тұрғылықты жерлері бойынша жоспарлы тексеру жұмыстарын жүргізуде.

Кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстардың алдын алу мақсатында «Жасөспірім», «Каникул», «Түнгі қаладағы балалар», «Профилактика» іс-шаралары және «Жасөспірім. Заң. Қауіпсіздік» акциялары тұрақты түрде өткізіліп келеді. Бүгінгі таңда 107 жасөспірім мен 196 бала тәрбиелеу және оқыту міндеттерін орындамаған заңды өкіл есепке алынған.

Отырыс қорытындысы бойынша облыс әкімі бірқатар тапсырма берді. Әсіресе жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ерекше назар аударылды: жолдарды жөндеу, апатты-қауіпті учаскелерде жарық орнату, мектеп маңындағы инфрақұрылымды және жаяу жүргіншілер өткелдерін жаңғырту тапсырылды.

Тапсырмалар қатарында спирттік ішімдіктен толық бас тартқан елді мекендердің тәжірибесін тарату, спирттік ішімдіктерді тек арнайы алкомаркеттерде сату туралы ұсыныс бар. Сондай-ақ спирттік ішімдік өнімдерінің заңсыз саудасына тосқауыл қою және маскүнемдіктің алдын алу, салауатты өмір салтын насихаттау бойынша профилактикалық жұмысты күшейту қажеттігі атап өтілді.

Жазғы демалыс кезеңінде кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтардың алдын алу шараларын күшейту қажеттігі баса айтылды. Жасөспірімдер мен олардың ата-аналарын жауапкершілік туралы уақтылы хабардар ету, құқықбұзушылықтар жиі тіркелетін орындарға назар аудару, қажет болған жағдайда олардың лицензияларын қайтарып алу шараларын қабылдау ұсынылды.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив