Өңірде көктемгі уылдырық шашу кезеңінде су биоресурстарын қорғау бойынша жедел алдын алу шарасы басталды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
16 сәуір мен 30 мамыр аралығында полиция қызметкерлері, балық қорғау және табиғатты қорғау инспекторлары су айдындарын, көліктерді, сауда нүктелерін тексеріп, рейдтер жүргізеді.
Көктемгі уылдырық шашу — балық популяциясын қалпына келтірудің маңызды уақыты. Осы кезеңде ережелерді бұзу экожүйеге және табиғи тепе-теңдікке үлкен зиян келтіреді.
ШҚО Полиция департаментінің ескертуінше, құқық бұзушыларға әкімшілік айыппұл салынып, балық аулау құралдары мен көлігі тәркіленеді. Елеулі залал келтірілсе,и қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.
Браконьерлік фактілер туралы "102" нөміріне немесе жақын маңдағы полиция бөліміне хабарлауға болады.
Пікірлер