A+ A A-

talgatzhan 36 29-04-2025, 17:45 0

ШҚО-да еңбек қауіпсіздігін жасанды интеллект көмегімен күшейтпек

Бүгін / ШҚО

Жыл сайын 28 сәуірде әлем елдерінде Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні аталып өтіледі. Қазақстанда бұл күн 2005 жылдан бастап тұрақты түрде өткізіліп келеді. Айта кетейік, еліміз 1993 жылдан бері Халықаралық еңбек ұйымының мүшесі атанған. Бұдан бөлек осы уақыт аралығында еңбек қауіпсіздігін жақсартуға бағытталған 25 халықаралық конвенцияны ратификациялады. Қазіргі таңда еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында «Еңбек тәуекелдерінің картасы» атты ақпараттық жүйе қолданысқа енген. Бұл жүйе мемлекеттік еңбек инспекторларына жұмыс орындарындағы еңбек тәуекелдерін бағалап, алдын алу шараларын қабылдауға мүмкіндік береді.

- Шығыс Қазақстан облысы бойынша бұл картада 3786 кәсіпорын тіркелген. Оның ішінде 2025 жылғы 25 сәуірдегі мәліметке сәйкес, 31 кәсіпорында әлеуметтік шиеленістің «жоғары тәуекелі», 49 кәсіпорында – «орташа тәуекел», ал қалған 3705 кәсіпорында ең төменгі тәуекел деңгейі тіркелген, - деп мәлімдеді Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің ШҚО бойынша департаменті басшысының орынбасары Қайрат Әбілқайыров.

Облыста өндірістегі қауіп-қатерлерді талдап, болжауға және жұмысшылардың еңбек жағдайы мен қауіпті аймақтарды онлайн режимде бақылауға мүмкіндік беретін жасанды интеллект негізіндегі Біріңғай цифрлық мониторинг платформасын енгізу жоспарлануда. Жаңа жүйенің пилоттық іске қосылуы 2025 жылға жоспарланған — ол бес ірі кәсіпорында сынақтан өтеді. Ал 2028 жылға қарай бұл цифрлық платформа қауіп-қатері жоғары барлық өндірістер үшін міндетті болады.

- 2024 жылдың қыркүйегінен бастап, карта іске қосылғаннан кейін, еңбек инспекторлары 170 кәсіпорынды жоғары тәуекел аймағынан шығарып, 3800-ден астам жұмысшының құқығын қорғауға қол жеткізді. Осы уақыт аралығында 42,1 млн теңге көлеміндегі жалақы қарызы өтеліп, еңбек заңнамасының 72 бұзушылығы анықталды. 25 жұмыс беруші әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 8,1 млн теңге айыппұл салынды, - деді Қайрат Әбілқайыров.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив