ШҚО Полиция департаментінің ақпаратынша, әйел несие рәсімдеуге көмек көрсету туралы интернеттегі хабарламаға сеніп, алаяққа ақша аударып жіберген, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Уәде етілген қызмет көрсетілмеген соң жәбірленуші полицияға жүгінген.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде күдіктінің жеке басы анықталды.
- Полиция интернет-алаяқтықтың кең таралған қылмыс түрі екенін ескертеді. Алаяқтар жалған несиелерден бастап, жалған интернет-дүкендерге дейін түрлі тәсілдермен азаматтарды алдауға тырысады. Бейтаныс адамдарға ақша аудармауға, ұсынылған ақпараттың шынайылығын тексеруге және несиені тек ресми қаржы ұйымдарында рәсімдеуге кеңес беріледі. Жеке және банк деректерін үшінші тұлғаларға таратуға болмайды, - делінген ресми ақпаратта.
Алаяқтық фактілеріне тап болған жағдайда дереу полицияға хабарласу керек.
Пікірлер