A+ A A-

talgatzhan 31 30-04-2025, 11:30 0

Өскеменде қарасора өсірген ер адам ұсталды

Бүгін / Өскемен / Қылмыс

ШҚО Полиция департаментінің қызметкерлері облыс прокуратурасының үйлестіруімен қала тұрғынының үйінен тыйым салынған өсімдіктерді өсіруге арналған фитолабораторияны анықтады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

ШҚО ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, арнайы жабдықталған бөлмеде күдікті қарасора бұтақтарын өсірген. 

- Тәркіленген өсімдіктердің жалпы салмағы 250 грамнан асты. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті екі жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін, - делінген ақпаратта.

Осы ретте құқық қорғау органдары есірткі заттарын қолдану мен таратудың зиянды салдары туралы ескертіп, азаматтарды салауатты өмір салтын ұстануға, қоғамдық өмірге белсенді араласуға шақырады.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив