Өңірде жыл басынан бері 20 кісі өлтіру оқиғасы тіркелді. Оның 8-і мас күйінде жасалған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
– Жалпы облыс бойынша алкогольдік ішімдіктерді ішу салдарынан жасалған қылмыстар саны 4 пайызға артқан, бұл ерекше назар аударуды қажет етеді, – деді аймақ басшысы Нұрымбет Сақтағанов.
Полицейлер қылмыс жасауға бейім, ішімдікке әуес азаматтардың үйін жиі аралайды. Дегенмен бұл жеткіліксіз.
Сондықтан алкогольден толық бас тартқан елді мекендердің тәжірибесін қабылдау ұсынылды. Қазір облыстағы 6 ауылда ішімдік ішуге толық тыйым салынған.
Бұдан бөлек, білім беру және медициналық мекемелерде маскүнемдіктің алдын алу бойынша профилактикалық жұмыстарды белсенді жүргізу, салауатты өмір салтын насихаттауға қоғамдық пікір көшбасшыларын тарту ұсынылды. Алкогольді ішімдіктерді тек ішімдік сататын дүкендерде сату туралы талқыланды.
Пікірлер