A+ A A-

talgatzhan 35 30-04-2025, 16:00 0

ШҚО-да мамыр айының басында күн суытады

Бүгін / ШҚО

Синоптиктердің айтуынша, өңірде жаңбыр мен бұршақ жауып, үсік жүруі  мүмкін, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Алдағы бірнеше күнде Қазақстанда тұрақсыз ауа райы сақталады.

Жаңбыр жауып, күн күркірейді. Шығыстың таулы аймақтарында жаңбыр мен қар күтіледі. Бұршақ жаууы да ықтимал.

-Қазақстанның солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығында және шығысында түнде үсік сақталады. Сондай-ақ түнде және таңертең қатты жел мен тұман күтіледі. Ауа температурасы күндіз 13-15 градус жылы болады, - деді «Қазгидромет» РМК мамандары. 

Ал Өскеменде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Сынап бағанасы күндіз 14-16, түнде 1-3 градус жылы болады.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив