1 сәуірдегі статистикаға сүйенсек, Қазақстандағы халық саны 20 333,5 мыңға жетіп, алғашқы тоқсанда 0,25% өсім көрсетті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Астанада жыл басынан бері тұрғындар саны 1,47%-ға артты. Шымкентте 0,66%, ал Алматыда 0,6% өсім байқалды.
Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен Алматы, Маңғыстау облыстарында миграциялық сальдо оң нәтиже көрсетті. Қалған өңірлерде кетушілер саны келушілерден көп.
Бұдан бөлек, тоғыз өңірде халық саны азайып бара жатыр. Бірінші орында Абай облысы тұр. Мұнда тұрғындар саны 0,23%-ға қысқарған. Жетісу облысында 0,25%-ға, Солтүстік Қазақстан облысында 0,43%-ға төмендеу байқалады.
Шығыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарында қаңтар-наурыз қорытындысы бойынша қайтыс болғандар саны дүниеге келгендер санынан асып түскен.
Бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша қалада тұратындар саны 0,47%-ға артса, ауыл халқының саны 0,13%-ға қысқарған. Қазіргі уақытта ел тұрғындарының 63,1%-ы қалада, 36,9%-ы ауылда тұрады.
Пікірлер