Жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру және жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында ШҚО ПД Әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлері «ҚазАвтожол» ҰК» АҚ, «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» РМК өкілдерімен бірлесіп, автомобиль жолдарының көктемгі кешенді тексерісін жүргізуде, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Тексеріс барысында жол белгілері мен таңбаларының, қоршаулардағы катафоттардың күйіне ерекше назар аударылып, жолдардың көріну мүмкіндігі мен қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкестігі бағалануда.
Нәтижесінде жол қозғалысы қауіпсіздігіне әсер ететін 200-ден астам кемшілік анықталды. Оны жою бойынша 120 нұсқама беріліп, 10 жол ұйымының басшысы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Сонымен қатар ШҚО Полиция департаменті жол ұйымдарымен бірлесіп, 60-тан астам апатты-қауіпті учаскелерді жою бойынша ұсыныстар дайындады. Патрульдік полиция мен жол ұйымдарының техникалық қызметтері арасындағы өзара іс-қимыл мәселелері де белсенді түрде пысықталуда.
Аталған шаралар жол-көлік оқиғаларын азайтуға және жол қозғалысына қатысушылар үшін қауіпсіз жағдай жасауға бағытталған.
Пікірлер