A+ A A-

talgatzhan 31 4-05-2025, 12:00 0

ШҚО өртке қарсы техникамен толық қамтамасыз етіледі

Бүгін / ШҚО

ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Шығыс Қазақстан облысына сапары аясында өңірдегі орман шаруашылықтары мен табиғат қорғау мекемелерінің басшыларымен кездесті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Жиын барысында министр биыл Шығыс Қазақстан облысы өртке қарсы техникаға қатысты сұраныс бойынша толық қамтамасыз етілетінін мәлімдеді.

— Техниканы ұқыпты ұстап, күтіп баптаңыздар. Қазір орман шаруашылықтарына мемлекет бойынша техника жеткізіліп жатыр. Тек техника сатып алуға 60 миллиард теңге бөлінді. Бұдан бөлек, 28 миллиард – ерте анықтау жүйесіне, 21 миллиард – тәлімбақтарға жұмсалуда. Жалпы алғанда, 100 миллиард теңгеден астам қаржы бюджеттен тыс көздерден бағытталды. Сондықтан биыл барлық сұраныстар толық қанағаттандырылады. Сіздерден тек жедел қимылдау қажет, – деді ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев.

Ерлан Нұраәліұлы өрт қауіпсіздігі мәселесін қозғап, бұл бағытта жедел әрекет етудің маңыздылығын атап өтті.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив