Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті, ағымдағы жылдың наурыз айында 2022-2024 жылдар және 2025 жылдың қаңтар айы аралығында авиациялық отынның көтерме және бөлшек сауда нарығына жоспардан тыс жүргізілген талдау аяқтады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Авиациялық отынды өткізу Өскемен қаласының әуежайы - "Өскемен әуежайы"АҚ арқылы әуе қатынасын жүзеге асыратын авиакомпаниялардың сұраныстары бойынша әуе кемелеріне жерүсті қызмет көрсету шеңберінде жүзеге асырылады.
Авиациялық отынды жеткізуді Қазақстан Республикасының басқа өңірлерінен - Астана, Алматы, Атырау қалаларынан көтерме жеткізушілер жүзеге асырады.
2022-2024 жылдар кезеңінде талдау қорытындысы бойынша авиаотынды қайталама-көтерме және бөлшек саудада өткізудің тауар нарығы жоғары шоғырланған нарық ретінде сипатталады.
Соңымен қатар "Өскемен әуежайы" АҚ негізгі қуаттың иегері болып табылатынын атап өткен жөн.
Қазіргі уақытта АҚ өз қызметін Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының 2022 жылғы 13 маусымдағы №15 (2024 жылғы 26 желтоқсандағы өзгерістермен) бұйрығымен бекітілген негізгі қуатқа тең қол жеткізу Қағидаларына сәйкес келтіруде.
Пікірлер