Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті 2025 жылдың сәуір айының басында Шығыс Қазақстан облыс аумағында 2023-2024 жылдар және 2025 жылдың қаңтар айы аралығында жоғары сұрыпты ұннан жасалған нанды, оның ішінде бірінші сұрыпты ұннан жасалған нанды көтерме саудада өткізудің тауар нарығына жоспардан тыс жүргізілген талдау аяқтады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің ұлттық статистика бюросының ресми сайтының деректеріне сәйкес, көрсетілген кезеңде бірінші сұрыпты бидай ұнынан жасалған нанға орташа бағаның айтарлықтай өсуі тіркелмеген.
2023 жылғы қаңтар мен қазан аралығында бір кг үшін нанның бағасы 199 теңгені құрады, қарашада 203 теңгеге дейін (+2%) өсті, 2024 жылғы желтоқсаннан наурызға дейін баға 195 теңгені (-4%) құрады және 2024 жылғы сәуірден 2025 жылғы қаңтарға дейін 198 теңге (+1,5%) деңгейінде ұсталды. Бағаның өзгеруі 1 сұрыпты бидай ұнын сатып алу бағаның өзгеруіне байланысты.
ШҚО нарық субъектілері ұсынған деректерді талдау нан бағасының қалыптасуы бірқатар факторларға, соның ішінде бір орамның салмағына, сатып алынатын ұнның құнына, коммуналдық шығындарға және басқа шығындарға байланысты екенін көрсетті.
Пікірлер