Бұл туралы ақпаратпен ШҚО Цифрландыру және архивтер басқармасы басшысының орынбасары Арнұр Сапарғалиев бөлісті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Жасанды интеллектің қолданылу аясы күн сайын кеңеюде. Соған орай өңірде жаңа орталықтарды ашу көзделіп отыр. Анықталғандай, қазіргі уақытта ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі жасанды интеллектті дамыту тұжырымдамасын қабылдады.
- Оның ішінде жасанды интеллектің тілдік функциясына басымдық берілді. Сондай-ақ біздің цифрлық инфрақұрылымымыздың алға жылжуы да маңызды. Деректерді негізгі сегмент ретінде өңдеу үшін арнайы орталық қажет. Онда барлық ақпарат өңделетін болады, - дейді Арнұр Қайратұлы.
Айта кетейік, жасанды интеллектке жеке деректерді енгізу және жұмыс істеу кезінде сақ болған жөн. Цифрлық сауаттылықты сақтап, ережелерді ұстану керек.
Пікірлер