A+ A A-

talgatzhan 33 Кеше, 14:15 0

ШҚО әкімі 99 жастағы ардагерді құттықтады

Бүгін / ШҚО

Аймақ басшысы Нұрымбет Сақтағанов Жеңіс күні қарсаңында Глубокое ауданына қарасты Весёловка ауылында тұратын Ұлы Отан соғысының 99 жастағы ардагері Павел Стрехоны Жеңістің 80 жылдығымен құттықтады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Павел Стрехо 1926 жылы 23 ақпанда Марқакөл ауданының Рождественка ауылында дүниеге келген. Әскер қатарына 1943 жылы небәрі 17 жасында шақырылды. 1944 жылы ол 3-ші Беларусь майданына жіберіліп, соғыстың соңына дейін сол жерде қызмет етті. Кейін Қиыр Шығысқа аттанып, Жапониямен соғысқа қатысты.

Туған ауылына оралған соң Павел Еремеевич мал шаруашылығы кешенінде электрик болып жұмыс істеді. Отбасын құрып, жұбайымен бес баланы тәрбиелеп өсірді.

1998 жылы Павел Стрехо Глубокое ауданының Весёловка ауылына көшіп келген.

Соғыс ардагеріне осы уақытқа дейін Даңқ ордені (III дәрежелі), Отан соғысы ордені (I дәрежелі), «Жауынгерлік ерлігі үшін», «Кёнигсбергті алғаны үшін», «Германияны жеңгені үшін», маршал Жуков медалі және мерейтойлық медальдар табыс етілді. 

Облыс әкімі ардагерге зор алғысы мен құрметін білдіріп, Жеңіс жолындағы ерлігі мен батырлығын атап өтті.

– Сізге мықты денсаулық, жан тыныштығын, жақындарыңыздың қамқорлығы мен амандық тілеймін, – деді ол.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив