17 мамыр сағат 10:00-де Шалқар көлінің жағалауында жазғы демалыс маусымының салтанатты ашылуы өтеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Қонақтар үшін бірқатар іс-шара ұйымдастырылмақ. Атап айтқанда, концерттік бағдарлама, спорттық жарыстар, садақ ату, атпен, түйемен және жол талғамайтын көлікпен серуендеу, «TOR ALTAI» тынығу орнына экскурсия жасау, «Абылайкит» археологиялық кешеніне джип-турмен бару, зерттеуші Борыш Шербақовтың танымдық баяндауы, қолөнер шеберлерінің жәрмеңкесі, этноауыл мен би кеші.
Пікірлер