Ұлы Жеңістің 80 жылдығы – тек өткенді еске алу ғана емес, болашаққа берік сенім мен ұрпаққа үлгі болар рухани тағылым, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Осы орайда «AMANAT» партиясының мүшелерінен құралған топ 2800 метр биіктіктегі «Үш арыс»тауының етегіне көтеріліп, Жеңіс жұлдызын жақты. Бұл – жүректе жанған патриоттық алаудың, елге деген шексіз сүйіспеншіліктің жарқын көрінісі.
Қазақ халқының «Туға тағзым – елге құрмет» деген дана сөзі бар. Партия мүшелері «AMANAT» партиясының туын және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын асқар биікке көтеріп, қазақстандықтардың бірлігі мен елдігіне айқын дәлел болды.
Бұл тек бір шыңды бағындыру емес – бұл рух пен ниеттің жеңісі.
Тауды бағындыру – жүректі бағындыру. Жеңіс жұлдызының жануы – батыр бабаларымыздың ерлігіне деген шынайы тағзым, елдің мәңгілік мұратына деген адалдық.
Риддер қалалық филиалының төрағасы Әсем Ағажайева бұл шара туралы былай деді:
Біз биікке тек туды емес, рухты көтердік. Жастарымыздың осындай елдік істерге атсалысуы болашағымыздың баянды екенін көрсетеді. Бұл – өткенге тағзым, бүгінге сенім, ертеңге үміт.
«AMANAT» партиясының 10-нан астам мүшесі қатысқан бұл бастама – нағыз елжандылықтың, тұғырлы тәуелсіздіктің, бейбіт болашаққа деген сенімнің белгісі.
Себебі биікке шыққан ту – еңсесі биік елдің нышаны.
Пікірлер