A+ A A-

talgatzhan 65 12-05-2025, 15:00 0

ШҚО-да репродуктивті денсаулық аптасы басталды

Бүгін / ШҚО

Бұл іс-шараның мақсаты – халықтың репродуктивті денсаулық туралы хабардарлығын арттыру және салауатты өмір салтын насихаттау, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Баспасөз мәслихатында репродуктивті денсаулық апталығы аясында өткізілетін іс-шаралар туралы ақпарат берілді. Оның ішінде Ашық есік күндері, тегін медициналық тексерулер мен кеңестер, ақпараттық-түсіндіру жұмыстары және жастарға арналған арнайы бағдарламалар жоспарланғаны айтылды.

– Бүгінгі өзекті мәселелердің бірі – әйелдер мен ерлердің денсаулығы. Сондықтан осы аптада барлық медициналық мекемелерде Ашық есік күні жарияланды. Соған сәйкес медициналық тексерістен өтіп, тиісті консультация алуға болады. Оның ішінде скринингтік, профилактикалық, диспансерлік бақылаулар жыл көлемінде жалғасатын болады, – деді ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Мадина Мырзабекқызы.

Оның айтуынша, республика бойынша ШҚО АИТВ ауруы бойынша бірінші орында тұр.

– Қазіргі уақытта жалпы Қазақстан бойынша бедеулік, жыныстық жолмен берілетін аурулар көбейіп келеді. Осы мәселеге байланысты бұл шара республика бойынша екінші рет өткізіліп жатыр. Апталық аясында ақпараттандыру, кеңес беру шаралары жүргізіледі. Аталған жағдай тек медицинада ғана емес, әлеуметтік, демографиялық жағынан да үлкен мәселе болып тұр. Сондықтан оның алдын алу мақсатында осы апталық ұйымдастырылып отыр, – дейді облыстың бас репродуктологы, прегравидарлық дайындық жөніндегі координатор Надира Слямхановна.

Репродуктивті денсаулық апталығы 2025 жылғы 12-16 мамыр аралығында өтеді.


Әдемі АМАНГЕЛДІ

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив