Өңірде өрт қаупінің жоғары деңгейі жарияланды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
«Қазгидромет» облыстық филиалының мәліметінше, 13 мамырда аймақтың оңтүстігінде өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады.
Осы ретте ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері ескертеді:
егер белгілі бір аймақта өрт қаупінің жоғары деңгейі енгізілсе, бұл режим алынғанға дейін орманға баруға қатаң тыйым салынады;
табиғат аясында және аулада от жағуға болмайды;
отпен абай болыңыз.
Егер өртті байқасаңыз, дереу «101» немесе «112» нөміріне қоңырау шалу керек.
Пікірлер