A+ A A-

talgatzhan 1 Бүгін, 14:00 0

ШҚО-да 2025 жылғы жазғы демалысқа дайындық басталды

Бүгін / ШҚО

2025 жылы балалардың жазғы демалысын ұйымдастыруға облыстың қалалары мен аудандарының бюджеттерінен 634,5 млн теңге бөлінді. Бұл туралы ШҚО Білім басқармасының басшысы Инесса Чернышева айтты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

- Жазғы демалыс кезінде төмендегідей лагерлер жұмыс істейді: 10 087 оқушыны қамтитын 12 қала сыртындағы лагерь, оның 8-і мемлекеттік, 4-і жекеменшік, 1-і жыл бойына дем алатын лагерь; 23 120 баланы тамақпен қамтитын 270 мектеп жанындағы лагерьлер және жаз мезгілінде 60 357 оқушыны қамтитын барлық қосымша білім беру ұйымдарында тамақтандырусыз 204 бейінді алаңдарда клубтар, секциялар, үйірмелер жұмыс істейді, экскурсиялар аула және басқа да іс-шаралар өткізіледі, - дейді Инесса Чернышева.

Басқарма басшысының айтуынша, балалардың бос уақытын және демалысын ұйымдастыруға 2 454 педагогикалық қызметкер, оның ішінде 1230 тәрбиеші мен тәлімгер, 1224 қосымша білім беру ұйымдарының мұғалімі және 250 медицина қызметкері, сондай-ақ колледждер мен ЖОО студенттері арасынан педагогикалық жасақтар тартылған.

- Дәстүр бойынша облыс оқушылары Алматыдағы «Бөбек», Щучье және Қонаев қалаларындағы «Балдәурен» ұлттық білім беру және сауықтыру орталықтарында жыл бойы тегін демалады. Жыл басынан бері орталықтарда 126 бала демалды, жыл соңына дейін тағы 338 оқушы демалуға жолдама алады. Сонымен қатар жазғы демалыс кезінде «Қонақжай отбасы» жобасын жүзеге асыру жалғасады. Биыл жобаның географиясы кеңейіп, 140 баланы қамтуға 3 аудандағы 5 елді мекеннен 62 отбасы тартылады, - деді Инесса Александровна.

Сондай-ақ биыл облыста алғаш рет мектеп оқушыларын Шығыс Қазақстанның мәдени-тарихи мұрасымен таныстыру, балалар мен жасөспірімдер туризмін дамыту мақсатында «Киелі Шығыс» жобасын жүзеге асыру жоспарланып отыр.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив