Қайғылы оқиға 13 мамыр күні Тарханка ауылында болды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Lada Granta маркалы көлігі Центральная көшесімен жүріп келе жатқанда Школьная көшесінен 12 жастағы мектеп оқушысы велосипедпен шыққан. Нәтижесінде, көлік жүргізушісі баланы қағып кетті.
Дәрігерлер құтқаруға тырысқанымен, бала оқиға орнында қайтыс болды. Ол 10 күннен кейін 13 жасқа толар еді.
Белгілі болғандай, көлікті 51 жастағы жүргізуші тізгіндеген. Қазір ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Жол-көлік апаты фактісі бойынша тергеу әрекеттері жүргізіліп, сараптамалар тағайындалды.
Пікірлер