A+ A A-

talgatzhan 30 Бүгін, 14:40 0

Шағын цех – үлкен серпіліс: ауыл кәсіпкерінің жеңісі

Бүгін / ШҚО

Ұлан ауданына қарасты Тарғын ауылында 2021 жылдан бері табысты жұмыс істеп келе жатқан «Диана» шаруа қожалығы бүгінде ауыл кәсіпкерлігінің дамуына өз үлесін қосып отыр, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Қожалық жетекшісі Арай Бердинова 2023 жылы ауыл ішінде жартылай фабрикат өнімдерін шығаратын цех ашып, өндірісті қолға алған болатын.

Цехте тұшпара, манты, варениктер секілді ұн өнімдері мен тартылған ет дайындалады. 

Кәсіптің ауқымын кеңейту мақсатында 2024 жылы «Ауыл аманаты» бағдарламасы арқылы 8 640 000 теңге көлемінде жеңілдетілген несие алынып, өндіріс орны күрделі жөндеуден өтіп, жаңа жабдықтармен толықты. Бұл – цехтың жұмысын жүйелеп, өнім көлемін арттыруға мүмкіндік берді.

Бүгінде аталған цехте ауылдың 5 тұрғыны тұрақты жұмыспен қамтылған. Бұл өз кезегінде ауылда жұмыссыз жүрген азаматтарға үлкен көмек, ал тұрғындар үшін – күнделікті тұтынатын сапалы тағам.

Шаруашылық иесі Арай Зарыққанқызы көрсетілген қолдауға алғысын білдіріп, алдағы жоспарларымен бөлісті:

- «Ауыл аманаты» бағдарламасы бізге үлкен демеу болды. Жаңа техника алып, жұмыс орнымызды кеңейттік. Бұл – тек менің ғана емес, бүкіл ауылдың қуанышы. Енді өндірісті әрі қарай дамытып, ауылдың атын шығаратын өнім дайындауды мақсат етіп отырмыз, – дейді кәсіпкер.

«Диана» шаруа қожалығының бұл бастамасы ауыл кәсіпкерлігін қолдаудың нақты нәтижесі ретінде көпке үлгі. Мемлекеттік қолдаудың арқасында ауылдағы кәсіп жанданып, жергілікті халықтың тұрмысы жақсарып келеді.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив