Қайғылы оқиға Глубокое ауданының Тарханка және Винное ауылдары арасындағы тасжолда болды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Жол көлік апаты 4 мамырда тіркелді. ШҚО Полиция департаментінің ақпаратынша, қазір сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
- 40 жастағы Audi маркалы көлігінің жүргізушісі рөлді басқара алмай, жол жиегіне шығып кетті. Салдарынан көлік аударылды. Нәтижесінде ол оқиға орнында көз жұмды, ал жолаушы ауруханаға түсті, — делінген баспасөз қызметінің мәліметінде.
Пікірлер