Өңірде экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған кешенді жоспар қабылданды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
2025-2029 жылдарға арналған өңірлік жоспар халықтың экологиялық санасын арттыру, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау мәдениетін дамыту, сондай-ақ экологиялық құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында дайындалған. Құжат 2025 жылдың 9 сәуірінде облыстық мәслихат сессиясында ресми түрде бекітіліп, 44 ірі іс-шараны қамтыды. Жоспар ҚР Үкіметі мақұлдаған мемлекеттік экологиялық тұжырымдамаға сәйкес әзірленіп, 2024 жылдың соңында ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігімен келісілген.
- Жоспарланған іс-шаралар белгіленген мерзімдерге сәйкес жүзеге асырылады және уәкілетті органдар тарапынан тұрақты бақылауда болады. Бұл бастама өңірдің тұрақты экологиялық дамуына негіз қалап, тұрғындарды жасыл болашаққа үлес қосуға ынталандыруды көздейді, - дейді ШҚО Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары Еламан Әнуарбекұлы.
Айта кетейік, ол мынадай негізгі жеті бағыттан тұрады:
•Ауа сапасын онлайн бақылау жүйесін жетілдіру
•Экологиялық құқық бұзушылықтарды анықтайтын камералар орнату
•Сумен жабдықтау және су бұру жүйесін цифрландыру
•Қалдықтарды сұрыптау мен қайта өңдеуді дамыту
•Су үнемдеу технологияларын енгізу
•Электромобильдер үшін инфрақұрылым құру
•Экобокстар мен фандоматтар орнату.
Пікірлер