Дүниежүзілік қоршаған орта күні – Эколог күні қарсаңында ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің бастамасымен облыс мектептерінің оқушылары арасында «Таза болса табиғат – аман болар адамзат» республикалық балалар суреттерінің конкурсы басталады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Конкурсқа өңір мектептерінің 1-11 сынып арасындағы оқушылары қатыса алады.
Конкурсты өткізу мерзімі: 13 – 28 мамыры аралығында.
Өтінім беру күні: 13 – 28 мамыр аралығында.
Конкурстық жұмыстарды ұсыну күні: 13 – 28 мамыры аралығында.
Өтінімдер мен конкурстық жұмыстарды қабылдау орны: Өскемен қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы 4, 2 қабат, 209 кабинет.
Конкурсқа қатысу үшін конкурсқа қатысушының өтінімін толтыру, сондай-ақ осы конкурстың Қағидасымен танысу қажет.
Толығырақ ақпарат алу үшін жауапты орындаушыға 8-777-390-00-47 (WhatsApp) нөмірі бойынша немесе жұмыс уақытында ШҚО бойынша Экология департаментінің әлеуметтік желілердегі парақшаларында жеке хабарламалар арқылы хабарласуға болады.
Мұндай форматтағы іс-шаралар өскелең ұрпақтың экологиялық санасын арттыруға, планетаның табиғи ресурстары мен биоәртүрлілігін сақтауға ұқыпты қарауға тәрбиелеуге, экологиялық іс-шараларға қатысуға қызығушылықты арттыруға мүмкіндік береді.
Пікірлер