A+ A A-

talgatzhan 31 19-05-2025, 13:20 0

ШҚО Сауда және тұтынушылар құқықтарын қорғау департаменті сауда саласындағы заңның сақталуына назар аударады

Бүгін / ШҚО

Құрметті Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары!

Мен, Шығыс Қазақстан облысы Сауда және тұтынушылар құқықтарын қорғау департаментінің басшысы ретінде, сауда саласындағы заңның сақталуына, әсіресе азық-түлік тауарларын сату, оның баға мәселесіне назар аударғым келеді.

Әлеуметтік маңызы бар тауарлар дегеніміз күнделікті сұранысқа ие, тұрғындар бірінші кезекте тұтынатын азық-түліктер. Олардың халыққа қолжетімді болуы, бағасы мемлекет тарапынан бақыланады. Бұл санатқа 19 түрлі азық-түлік жатады.

ӘМБТ тізімі (19 атауы):

1.Бірінші сортты бидай ұны

2.Бірінші сортты ұннан жасалған бидай наны

3.Күнбағыс майы

4.Рожки өнімдері (өлшенетін)

5.Сиыр еті (жауырын-кеуде бөлігі сүйегімен)

6.Тауық еті (жамбас және жіліншік сүйектерімен ет бөлігі)

7.Қарақұмық жармасы (өлшенетін)

8.Тазартылған күріш (өлшенетін)

9.Қант (ақ қант ұнтағы)

10.Тауық жұмыртқасы (бірінші санат)

11.Сәбіз

12.Пияз

13.Картоп

14.Орамжапырақ

15.Сары май (тұзсыз, майлылығы кемінде 72,5%, қоспасыз және өсімдік майларынсыз)

16.Айран (майлылығы 2,5%, жұмсақ қаптамада)

17.Сүт (пастерленген, майлылығы 2,5%, жұмсақ қаптамада)

18.Сүзбе (майлылығы 5-9%)

19.Тұз (ас тұзы, «экстрадан» басқа.

Заңнамаға сәйкес, сатушыға, кәсіпкерге әлеуметтік азық-түлік түрлеріне баға белгілеген кезде, өзі сатып алған бағасына 15%-дан артық үстеме баға қоюға тыйым салынған.

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 204-4 бабына сәйкес, азық-түлікке 15 пайыздан артық сауда үстемесін қосқаны үшін:

жеке тұлғалар мен шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – 5 айлық есеп көрсеткіші (АЕК) (19 660 теңге);

орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 35 АЕК (137 620 теңге);

ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – 150 АЕК (589 800 теңге) мөлшерінде айыппұл салынады.

Жыл ішінде, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін, бұл әрекетті қайта жасаған жағдайда:

жекетұлғалар мен шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – 10 АЕК (39320 теңге);

орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 70 АЕК (275240 теңге);

ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – 300 АЕК (1179600 теңге) айыппұл салынады.

Департаментке облыс тұрғындарынан тауарлардың бағасының қымбат болуымен қатар, дүкен сөрелерінде тауар бағаларының көрсетілмеуіне қатысты шағымдар тұрақты түрде түседі. Назарларыңызға саламыз: заңнамаға сәйкес барлық тауарларда баға белгілері болуы тиіс. Бағаның болмауы немесе қате көрсетілуі тұтынушыларды шатастыру, алдау деп есептелінеді.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 193-бабына сәйкес, кәсіпкер тауардың бағасы теңгемен көрсетілмегені, баға жапсырмасында көрсетілген құнынан қымбат бағамен тауарды сатқаны, сондай-ақ теңгеден басқа валютада бағаны көрсеткені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылады:

шағын кәсіпкерлік субъектілері – 5 АЕК (23 592 теңге);

орта кәсіпкерлік субъектілері – 10 АЕК (39 320 теңге);

ірі кәсіпкерлік субъектілері – 30 АЕК (117 960 теңге).

Жыл басынан бері Департаментке түскен материалдардың негізінде 105 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді. Оның басым бөлігі картоп, қарақұмық, сүт өнімдерінің бағасын негізсіз көтеруге байланысты болды. Тексеріс жүргізіліп, бұзушылықтар анықталып, кінәлі тұлғаларға қатысты тиісті шаралар қолданылды, баға төмендетілді.

Кәсіпкерлерге заңнама талаптарын қатаң сақтауды, бұзған жағдайда жауапкершілік бар екенін еске саламын. Бұл нарықтың тұрақтылығына және тұтынушылар сенімінің артуына ықпал етеді.

Осы кезекте, облыс тұрғындары, егерде сіз әлеуметтік азық-түлік бағасының қымбат екендігін көрсеңіз, оның аз уақытта қымбаттап кеткенін байқасаңыз, саудагер бағаны аса көтеріп қойды деп есептесеңіз, Департаментке шағым түсіруге құқылысыз.

Департаменттің байланыс телефондары; 8 (7232) 26-72-07, 61-41-21, 60-15-14. Сонымен қатар Е-Өтініш порталы арқылы, сондай-ақ Өскемен қаласы, Крылов көшесі, 114 мекенжайына келіп жүгіне аласыз. Немесе өзіңіз тұрған жердегі жергілікті әкімдікке өтініш қалдыра аласыз.

Біз барлық өтініштеріңізді қарастырып, тиісті шаралар қабылдайтын боламыз.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив