A+ A A-

talgatzhan 35 19-05-2025, 14:00 0

«VetPro – 2025»: Болашақ ветеринарлар арасындағы кәсіби шеберлік байқауы

Бүгін / ШҚО

Бүгін Қазақстан Республикасы техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің ауылшаруашылық (ветеринарлық) бағытындағы оқу орындарының студенттері арасында «VetPro» кәсіби шеберлік бойынша республикалық байқауы басталды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Қазақстанның үздік студенттері өздерінің білімдері мен дағдыларын көрсету үшін Шығыс Қазақстан көпсалалы колледжінің базасына жиналды.

Конкурс бағдарламасы ветеринарлық тәжірибенің негізгі бағыттарын қамтитын 7 практикалық тапсырмадан тұрады.

Бағалау WorldSkills стандарттарына сәйкес жүргізіледі. Сарапшылар құрамына салалық кәсіпорындардың өкілдері мен ветеринария саласының мамандары кіреді.

Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлері ШҚО Білім басқармасының дипломдарымен және сыйлықтармен марапатталады.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив