A+ A A-

talgatzhan 0 19-05-2025, 14:20 0

ШҚО-ның кейбір аудандарында алғаш рет АИТВ анықталды

Бүгін / ШҚО

ШҚО ЖИТС-тің алдын алу және күрес жөніндегі орталығының өкілі Арай Айдарқызының айтуынша, мұндай жағдайлар Самар, Зайсан және Ұлан аудандарында тіркелді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Жалпы облыс бойынша 2025 жылдың бірінші тоқсанында өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда АИТВ жұқтыру көрсеткіші 27 пайызға төмендеген. 
- АИТВ жұқтыру көрсеткіші бойынша Өскемен, Алтай, Риддер, Шемонаиха және Глубокое көш бастап тұр. Бұл ауру еңбекке қабілетті 30-49 жас аралығындағы адамдар арасында кездеседі. Ерлер әйелдерге қарағанда екі есе жиі ауырады, - деді Арай Айдарқызы.
Шығыс Қазақстан АИТВ жұқтыру бойынша республикада екінші орында тұр.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив