Бұл туралы ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібінің вице-министрі Коняшкин Ростислав шығысқазақстандықтармен өткен кездесуде айтты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Қазақстандықтар eGov mobile-ды белсенді қолдануда. Ол электрондық үкіметтің даму индексінде 24-ші орында тұр.
- Қолданушылар цифрлық құжаттың 35 түрін 292 млн рет қолданған. Соның ішінде қызмет мен сервистің 56 түрі 33 млн рет қолданылды. Қазіргі таңда 92% мемлекеттік қызмет онлайн түрде қолжетімді. Болашақта барлық қызметті қолжетімді ету, онлайн әдіске көшіру ойда бар, - деді Коняшкин Ростислав.
Мемлекеттік қызметтердің ішінде баланың тууы, балабақшаға орналасу, мектепке бару, оқу орнына түсу, жұмысқа орналасу, зейнетке шығу, бизнес, мүлік, отбасы функциялары халыққа қолжетімді.
- Әр адам өзінің ЭЦҚ кілті арқылы онлайн түрде кез келген қызметті ала алады. Атап айтқанда, балабақшаға кезекке тұру, жұмысқа орналасу, баланың ЖСН-ін алу, зейнетке шығу және тағы да басқа қызметтерді онлайн алу мүмкіндігі бар. Ол үшін ХҚКО-ға барудың қажеті жоқ. Қазіргі таңда eGov mobile қосымшасына несиеге және лудоманияға тыйым салу функциясы да енгізілді, - деді вице-министр.
Пікірлер