EGov mobile қосымшасында әлеуметтік әмиян жеке қызмет түрі ретінде пайда болды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
- Ол бойынша 3 пилоттық сервис іске асырылады. Біріншісі – тегін дәрі-дәрмектер. Оларға 5,8 млн рецепт ұсынылған, 771 дәріхана «Әлеуметтік әмиянға» қосылды. Екіншісі – оқушыларға тегін тамақтану. Қазіргі уақытқа дейін 4,2 млн түскі ас берілді. Үшіншісі – тұрмыстық тұтынушыларға тауарлық газға ваучерлер, - деді ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібінің вице-министрі Коняшкин Ростислав.
E-Otinish-ке 2021 жылдан бастап 10,2 миллион өтініш-шағым келіп түскен.
- Сіздердің әр шағымдарыңыз бен өтініштеріңіз қарастырылады. Егер қандай да бір ауданда белгілі бір мәселе жайлы шағым көп түссе, арнайы комиссия құрылып, сол сауал бойынша жұмыс істейді. Бұл жағынан E-Otinish функциясы жақсы ойластырылды десек болады. Қазіргі таңда жүйені дамыту мақсатында жүйенің жылдамдығын оңтайландыру, өтінішке қоса берілетін файлдардың жалпы көлемі мен санын ұлғайту, «Петиция» модулін іске қосу жүзеге асырылып жатыр, - деді Коняшкин Ростислав.
Сонымен қатар жүйені жақсарту үшін жасанды интеллектті қолдану керектігі де айтылды. Вице-министрдің айтуынша, оның мүмкіндіктері көп. Ол кез-келген сұранысты диалог форматында жаза алады, анықтамалықта жоқ жаңа жүйелік ақауларды таба алады және көмекші жаңа өзекті мәселелерді талдауға мүмкіндік береді.
Пікірлер