A+ A A-

talgatzhan 30 19-05-2025, 17:40 0

ШҚО-да былтыр бес мектеп салынды

Бүгін / ШҚО

«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы Қазақстандағы білім беру инфрақұрылымын жаңғыртудың маңызды кезеңіне айналды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Жобаның басты мақсаты – оқушылар мен педагогтар үшін қауіпсіз, қолайлы және заманауи оқу жағдайларын жасау, сонымен қатар жайлы атмосфера қалыптастыру.

Шығыс Қазақстан облысында аталған жоба аясында 2024 жылдың соңына дейін 2100 орындық бес мектеп құрылысы аяқталды. Бұл оқу орындары Шемонаиха, Риддер, Өскемен (Уәлиев және Тимофеев көшелері) қалаларында және Белоусовка кентінде салынды. Барлық мектепте оқу үдерісі 1 сәуірден басталды.

Сонымен қатар ұлттық жоба аясында облыс бойынша 900 орындық екі мектептің құрылысы жалғасуда: бірі - Опытное поле ауылындағы 300 орындық мектеп (мердігер – «ФирмаАзия» ЖШС, дайындығы – 89%), екіншісі – Өскемендегі Есенберлин даңғылындағы 600 орындық мектеп (мердігер – «AST Qurylys 22» ЖШС, дайындығы– 68%).

Бүгінгі күні Опытное поле ауылындағы мектепте ішкі әрлеу жұмыстары, ішкі инженерлік желілерді жүргізу және аумақты абаттандыру жұмыстары жүргізілуде.

Құрылыс жұмыс кестесіне сай жүргізілуде. Нысанды аяқтау 30 маусымға жоспарланған.

«Жайлы мектеп» жобасы өңірдегі білім беру кеңістігінің келбетін айтарлықтай өзгертіп отыр. Заманауи мектептер сапалы білім беруге ғана емес, әрбір оқушының қабілетін ашуға да мүмкіндік береді. Ұзақ мерзімді перспективада бұл білім нәтижелері мен оқу процесіне қатысушылардың қанағаттанушылық деңгейіне оң әсер етіп, келер ұрпақ үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашады.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив