A+ A A-

talgatzhan 30 19-05-2025, 17:15 0

Президенттік жастар кадр резервіне кезекті іріктеу басталады

Бүгін / ШҚО

Бұған дейінгі үш іріктеу 2019, 2021 және 2023 жылдары өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Осы уақыт аралығында 60 мыңнан астам азамат резервке қабылдануға ниет білдірсе, 400 үміткер іріктеліп алынды. Қазіргі таңда солардың 318-і, яғни 80%-ы мемлекеттік органдар мен түрлі ұйымдарда қызмет атқарып келеді. 

Биыл аталған жобаның төртінші кезеңі өтпек. Бұл жолғы іріктеу жүйесінің бірнеше ерекшелігі бар. Атап айтқанда, әрбір салалық бағыт бойынша үміткерлер саны теңдей қамтылып, әр кезеңде пропорционалды түрде іріктеу жүргізіледі. Яғни, ол әр бағыт бойынша белгіленген квоталар негізінде жүзеге асады.

Сонымен қатар Президент тағайындаған тұлғалар, саяси және әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің «А» корпусының мүшелері, бұған дейін резервке қабылданған азаматтар бұл іріктеуге қатыса алмайды. 

-Мемлекеттік аппаратқа білімді, еңбекқор, елге адал қызмет етуді өмірлік мақсат еткен жастар қажет. Президенттік жастар кадр резерві – дәл осындай азаматтарды анықтап, оларды кәсіби мемлекеттік қызметшілердің жаңа буыны ретінде қалыптастырудың тиімді құралы. Жастарымыздың күш-жігері мен білімін ел игілігіне бағыттауға жағдай жасау – Агенттіктің басты стратегиялық міндеттерінің бірі, – деді ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ШҚО бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы Ержан Айқымбеков.

 

Ұлжан СЕЙІТХАНОВА

Фотосурет автордікі 

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив